Бразилияның экс-президенті қамауға алынды

Сурет: freepik
Бразилия полициясы бұрынғы президент Жаир Болсонароны елден қашпақ болды деген күдікпен тұтқындады. Ол төңкеріс жасады деген айыппен 27 жылға түрмеге тоғытылуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыркүйек айында Болсонаро 2022 жылы тағы да президент сайлауына түсіп, бірақ жеңілгеннен кейін билікті сақтап қалуға тырысқаны үшін кінәлі деп танылды. Ол Латын Америкасындағы ең ірі экономикаға ие елдің сайлау нәтижелерін жою әрекеті үшін кінәлі деп танылған бірінші президенті болды. Ол өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып бағуда.

Судья Александре де Мораес Болсонароны тұтқындау туралы қаулы шығарып, оның қолындағы білезік 22 қараша, сенбі күні сағат 00:08-де бұзылғанын мәлімдеді. Оның адвокаттары бұл мәлімдемеге қарсы дау келтіруде, деп жазады ABC.

70 жастағы Болсонаро үйқамақта болып, білегіне арнайы құрылғыны тағып жүруге міндетті болған, өйткені ол қашып кетуі мүмкін деп бажайланған.

Болсонаро ісін қараушы Жоғарғы сот алқасы де Мораес ісіне қатысты қаулы шығару туралы қаулы мәселесі бойынша 2025 жылғы 24 қарашада кезектен тыс отырыс өткізеді. Қыркүйек айында осы сот алқасы Болсонарға қарсы үкім шығарды. Оны төртеуі қолдап, тек біреуі қарсылық білдірген. Қазылар алқасы қамауға алу туралы қаулының күшін жоя алады немесе оны сол күйінде қалдыра алады.

Бұл сот талқысы Болсонароны 27 жылға бас бостандығынан айырған төңкеріс әрекеті туралы істен бөлек қарастырылуда. Оның адвокаттары бұл іс бойынша жазасын өтеуге кіріскенге дейін әлі де шағымдана алады.

Бұған дейін Болсонароның адвокаттары Бразилияның жоғарғы сотына денсаулығының нашарлығына байланысты оның жазасын өтеу орнын үйде қалдыруды сұраған, алайда Бразилия заңнамасы бойынша барлық сотталғандар жазасын түрмеде өткізуі тиіс.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты