Әзербайжандық әйелдер автобус тізгіндеу құқығына ие болды

Сурет: baku.ws
24 қарашадан бастап Әзербайжанда әйелдер алғаш рет кәсіби түрде жолаушылар автобустарын басқару мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

BAKU.WS мәліметінше, Әзербайжанның Жер үсті көліктері агенттігі "қоғамдық көліктерді басқарушы әйелдердің үлесін арттыруға бағытталған инновациялық бағдарламаны" сәтті жүзеге асырды. Бағдарламаның аясында тек жүргізу техникалық дағдыларына ғана емес, сонымен қатар кәсіби этикаға, жолаушылармен қарым-қатынас психологиясына және маршруттағы қызмет көрсету мәдениетіне де ерекше көңіл бөлінген.

Болашақ жүргізушілерге келесі дағдылар үйретілген:

"Дайындық барысында ерекше назар апаттық жағдайларды алдын алуға және әртүрлі ауа-райы мен жол жағдайларында тәуекелдерді азайтуға аударылды. Соңғы кезеңде әрбір қатысушы арнайы жасалған қалалық маршруттарда автобусты өздігінен жүргізу дағдыларын көрсетті", – делінген жарияланымда.

Бұған дейін Ауғанстанда әйелдерге арналған радиостанция ашылғанын жазғанбыз.

Әзірбайжан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылдан бастап бірқатар әлеуметтік төлемді арттыру жоспарланып отыр

Тоқаев Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты

Әл-ауқат санатын анықтайтын калькулятор 16 қазанда іске қосылады

"Көктайғақ болып, үсік жүреді". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда қандай отбасылар C, D және E санаттарына жатқызылады және олар 2027 жылы жәрдемақы ала ма