Дағыстандағы Каспий жағалауында итбалық өлекселері табылды

Сурет: Telegram/Минприроды Республики Дагестан
Дағыстандағы Каспий теңізінде жағаға шығып қалған 484 итбалық өлексесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 3 желтоқсанда Дағыстан Республикасының Табиғи ресурстар және экология министрлігі мәлімдеді. 322 өлексе Сулак өзенінің сағасынан Терекке дейінгі аралықта табылған. Қалғандары Махачкала, Карабудахкент, Каякент және Дербент аудандарының жағалауын тексеру кезінде табылған.

Ведомство журналистер мен блогерлерден асығыс қорытынды жасамауды және мамандардың ресми қорытындысын күтуді сұрады. Онда каспий итбалығының қырылуы – бүкіл Каспий аймағында жыл сайын кездесетін табиғи құбылыс екені атап өтілген.

"Жағалау аумақтарын тексеру жұмыстары жалғасады", – делінген ақпаратта.

Мамандар, сондай-ақ, каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілгенін және мұндай әрбір жағдай мұқият әрі жедел зерттеуді қажет ететінін еске салды.

Бұған дейін Ресейде ең танымал Roblox платформасы бұғатталғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Талдықорған маңындағы жантүршігерлік жол апаты: үш адам қаза тауып, алтауы жарақат алды

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады