Қытайда тірі құрттарды шалбарына салып өтпек болған әйел ұсталды

Сурет: pixabay
Қытайдың Цзинхун қаласында кеден қызметкерлері шалбарына тірі құрттарды салып, жасырып өтпек болған әйелді ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әйел кеденшілердің назарына "денесінің аномалды қимылы" мен күмән тудырған жүрісінің арқасында іліккен. Need To Know басылымының жазуынша, тексеру барысында кеден қызметкерлері оның шалбарынан бір килограммнан астам тірі бамбук құрттарын тапты.

Одан кейін кеденшілер әйелмен бірге келе жатқан тағы екі жолаушыға назар аударған. Олар да күмәнді әрекеттер жасаған. Тексеру кезінде әйелдердің бірінің іш тұсына оралған шұлық ішінен екі килограмм тірі жәндік табылды. Ал үшінші әйелдің қалталарынан және рюкзагынан жеке салынған төрт пакет құрт шықты.

Құқық бұзушылардың қай елдің азаматтары екені әзірге нақты айтылмаған.

Бұған дейін Америка елге кірер алдында шетелдіктердің әлеуметтік желідегі белсенділігін тексеруді жоспарлап отырғанын жазғанбыз.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды