Польша президентіне берілген лас көлікке байланысты Латвия сынға қалды

Сурет: pixabay
Латвия әуежайында Польша президенті Кароль Навроцкийдің сапары кезінде болған оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде дипломатиялық жанжал өршіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Ригадан поляк делегациясын алып кеткен автокөліктің суреттері тарады. Белгілі болғандай, мемлекеттік сапармен Латвияға келген Польша президентіне әуежайда лас күйдегі көлік берілген. Бұл туралы Inbox.lv басылымы жазды.

Көліктің фотосуреті мен оған қатысты жағымсыз пікірлер әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қызу талқыланды.

Польша Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мацей Вевиорстың айтуынша, делегацияны тасымалдау — қабылдаушы елдің міндеті. Ол сондай-ақ Польша елшілігі сапарды ұйымдастыруға ғана ықпал еткенін, ал көліктің жағдайына жауапты болмағанын атап өтті.

Дипломаттың сөзінше, оқиға болған күні – 11 желтоқсанда Ригада жаңбыр жауған, ал әуежай аумағында автожуу қызметі болмаған.

Бұған дейін Сиднейдегі қанды шабуылда қаза тапқандардың саны 16 адамға жеткенін жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды