70-тен астам науқасқа АИТВ мен гепатит жұқтырған медбике сотталды

Сурет: Zakon.kz
Кабардино-Балкарияда (Ресей) 70-тен астам науқасқа АИТВ және гепатит жұқтырған медбике сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

РИА Новостидің хабарлауынша, әйелдің іс-әрекеті мекемеде болған тексерістен кейін анықталған. Қызметкерлер зарарсыздандырылмаған медициналық бұйымдарды, бір реттік бұйымдарды бірнеше рет қолданып, басқа да бұзушылықтарға жол берген.

"Салдарынан 71 науқас жедел вирустық С гепатитін, сондай-ақ АИТВ-инфекциясын жұқтырудың бес жағдайы тіркелді", делінген хабарламада.

Аталған оқиға фактісі бойынша санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу бабы бойынша іс қозғалды. Бас директор, дәрігер және медбике сотқа тартылды. Соңғысы басқа адамға АИТВ жұқтырды деп айыпталады.

Сот әйелді төрт жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

Қалған сотталушыларға қатысты қудалау тоқтатылды, өйткені істі қарау мерзімі ескірген.

Бұған дейін Австралия жағажайында атыс-шабыс болып, он адам қаза тапқаны хабарланған болатын.

Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда самокаттарға тротуармен жүруге тыйым салынады

Қазақстандағы лудомандар саны 700 мың адамға дейін жетті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Елордада жеткізу қызметін пайдаланып алаяқтық жасаған азамат ұсталды

ҰБТ сертификатына қатысты талапкерлерге маңызды ескерту жасалды