Біріккен Араб Әмірліктерін су басты: қаза тапқандар бар

Сурет: khaleejtimes.com
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қалаларды нөсер жауыннан кейін су басты. Ел билігі тұрғындарды үйде отыруға, су басқан аймақтардан бармауға және саяхатты шектеуге үндеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАӘ Ұлттық метеорология орталығы ел бойынша ауа райы құбылатынын хабарлады. Нөсер жауын жауып, жел екпіні күшейеді деп болжанып отыр, деп жазды Kazinform.

БАӘ-нің көп бөлігінде нөсер жаңбыр жауды. Khaleej Times хабарлауынша, жауын-шашынның ең көп мөлшері Рас-эль-Хаймада (127 мм) жауған, Порт Сакрда 123 мм, ал Джабаль-ар-Рахба мен Джабаль-Джейстің таулы аймақтарында сәйкесінше 117,5 мм және 166,6 мм жауын-шашын жауды.

Gulf News хабарлауынша, Шарджа полициясы су тасқынынан өнеркәсіптік аймақта екі адамның электр тоғынан қаза тапқанын тергеп жатыр.

Елдің ең ірі қалаларының бірі Дубайды да су басты. Билік қауіпсіздік мақсатында қаладағы саябақтар мен қоғамдық жағажайларды жапты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қорғаныс министрі жаңадан тағайындалды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысын тағайындады

Димаш Құдайбергеннің әлемге әйгілі болуының сыры неде: Шоумен пікір білдірді

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы