Венесуэла АҚШ-тың ықтимал шабуылына дайындалуда: 4 миллионнан астам адам жұмылдырылды

Сурет: pexels
Венесуэлада АҚШ тарапынан болуы мүмкін шабуылға қарсы елді қорғау үшін 4 миллионнан астам азамат жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Түркияның DHA ақпарат агенттігінің мәліметінше, бұл жөнінде Венесуэланың Анкарадағы елшісі Фредди Эдуардо Молина Гутьеррес мәлімдеген.

Дипломаттың айтуынша, венесуэлалық халық қарсылық көрсетуге толық дайын. Ол ел тұрғындарының АҚШ-тың ықтимал әскери шабуылына қарсы тұру үшін идеологиялық тұрғыда да, практикалық жағынан да дайындықтан өткенін атап өтті.

Елші Венесуэланың "тарихтағы ең ірі әскери күшке" қарсы тұрғанын айтып, соған қарамастан ел өзін қорғауға бел буғанын жеткізді. Осы мақсатта елдің Қарулы күштерінен бөлек, 4 миллионнан астам бейбіт тұрғын жұмылдырылған.

Қазіргі таңда Венесуэланың халқы шамамен 28,5–29 миллион адамды құрайды.

Бұған дейін танымал түрік сериалында басты рөлдердің бірін сомдаған актер есірткі ісі бойынша ұсталғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді