Ойын баласы анасының тапаншасымен екі жасар інісін атып өлтірді

Фото: unsplash
АҚШ-тың Алабама штатында әйел адамға айып тағылды. Себебі оның балаларының бірі үйден оқталған тапанша тауып алып, ойын кезінде екі жасар інісін атып өлтірген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail мәліметінше, 40 жастағы Эвелин Этресс абайсызда адам өлтіру фактісі бойынша айыпталған. Бұл іс балаларға қатыгездік көрсету және есірткі қолдану белгілерімен ауырлатылған. Қайғылы оқиға кезінде оның ұлы Ноа басынан оқ жарақатын алған.

Қайғылы жағдай болған сәтте үйде алты бала болған: Ноа, екі 4 жастағы қыз, бір 8 жастағы қыз, бір 9 жастағы қыз және 13 жастағы ұл.

Үш бала негізгі жатын бөлмеде ойнап отырған, сол кезде Этресс бөлмеден қатты тарс еткен дыбыс естіген. Ол дереу жатын бөлмеге жүгіріп барып, баласын оқ тиген күйде тапқан. Ал жанынан тапаншаны көрген.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері баланың әлі де тыныс алып жатқанын анықтап, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Алайда дәрігерлер баланың өмірін сақтап қала алмады.

Бұған дейін Сеулде автобус жүргізушілері ереуілге шыққанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды