Чили отқа оранды: елдің оңтүстігінен түсірілген кадрлар жұрттың үрейін туғызды

Сурет: Instagram/carabchile
Чили президенті Габриэль Борич елдің оңтүстік аймақтарында орман өрттерінің салдарынан 20 мың адам эвакуациялануына байланысты төтенше жағдай режимін енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Straits Times басылымының жазуынша, жағдай әсіресе Сантьягодан оңтүстікте орналасқан Нубле және Биобио өңірлерінде күрделі. Бұл аймақтарда өрт өте жоғары жылдамдықпен таралған. Төтенше қызметтердің мәліметінше, ел аумағында жалпы 19 өрт ошағы тіркелген, олардың 12-сі дәл осы екі өңірде орналасқан.

Мемлекет басшысының айтуынша, өртпен күресуге барлық қолда бар күш пен құрал жұмылдырылған. Қаза тапқандар туралы және келген нақты шығын көлемі әзірге белгісіз.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары табиғи апаттың салдарын көрсетті. Кадрларда жанып кеткен көліктер, зақымданған ғимараттар мен қираған инфрақұрылым нысандары бейнеленген.

Бұған дейін Альпі тауларында көшкін жүріп, шаңғышылар мерт болғанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды