Лотереядан 900 миллиард теңге ұтып алған жеңімпаз әлі жүлдесін алмаған

Сурет: freepik
АҚШ-тың Арканзас штатында бір тұрғын лотереядан 1,8 миллиард АҚШ доллары, яғни 900 миллиард теңгеден астам қаржы ұтып алды. Бас жүлде 2025 жылғы желтоқсан айында ойнатылғанымен, осы уақытқа дейін жеңімпаз ақшасын алуға келмеген.

Бұл — АҚШ лотереялары тарихындағы ең ірі ұтыстардың бірі. Ұтыс билеті Кабот қаласындағы дүкендердің бірінен сатып алынған. Ұйымдастырушылардың пікірінше, жеңімпаз жүлдені алуға асықпай отыр, өйткені ол бірден елге танымал тұлғаға айналуы мүмкін.

Арканзас штатындағы лотерея ережесіне сәйкес, 1 миллион доллардан асатын ұтыстар міндетті түрде жеке келіп рәсімделуі тиіс. Ол үшін жеңімпаз алдын ала арнайы орталыққа хабарласуы қажет.

Лотереядан түскен табысқа федералдық деңгейде 24 пайыз және штат бойынша 3,9 пайыз мөлшерінде салық салынады. Салық төленгеннен кейін жеңімпаз қаражатты бір жолғы төлеммен немесе 30 жыл бойы жыл сайын бөліп алуды таңдай алады.

Жеңімпаз жүлдесін алуға келгенге дейін бұл қаражат өзгеріссіз сақталады.

Айта кетейік, бұл — Арканзас штатында Powerball лотереясынан ұтыс билеті сатылған екінші жағдай. Алғашқысы 2010 жылы тіркелген. Аталған жаңалық Кабот қаласында үлкен резонанс тудырды.

Бұл бас жүлде қатарынан 46 рет жеңімпаз анықталмаған ұтыстардың нәтижесінде жинақталған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі