Абу-Дабида АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің үшжақты форматтағы алғашқы кездесуі өтті

Сурет: pexels
23 қаңтарда Украина, АҚШ және Ресейдің дипломатиялық өкілдері Абу-Дабиде (БАӘ) кездесіп, алғашқы диалог жүргізіліп үлгерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметтері бойынша, бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-дағы арнасында жазды.

"Әмірліктердегі біздің өкілдер маған әр сағат сайын есеп беруде, қазір онда Украина, Америка және Ресей делегациялары барып алған, әңгіме талқысы болып та үлгерді. Бұл - өте маңызды, өйткені мұндай үшжақты кездесу форматтары көптен бері болмаған", - дейді президент. 

Ол өз делегациясы үшін диалогтың қандай шеңберде өрбитінін нақты анықтап бергенін де айта кетті.

"Рүстем Умеров, Кирилл Буданов, Дэвид Арахамия, Сергей Кислица бастаған делегация үнемі байланыста. Ертеңгі келіссөздерге генерал Гнатов, Бас штабтың бастығы Скибицкий де қосылады", делінген Украина басшысының мәлімдемесінде.

Бұған дейін 2026 жылғы 22 қаңтарда Ресей президенті Владимир Путин Кремльде АҚШ президентінің арнайы өкілі Стивен Уиткоффты қабылдағанын жазғанбыз.  

БАЭ
Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды