АҚШ әскері жақын күндері Иранға шабуыл жасауы мүмкін

Сурет: pixabay
Америка армиясы жақын күндері Иранға басып кіруі мүмкін. Өткен апта АҚШ әскері үшін ықтимал шабуылға дайындалудың соңғы кезеңі болды. Аталмыш ақпаратты Израиль қорғаныс армиясының аға офицерлері мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Jerusalem Post басылымының жазуынша, осы демалыс күндері Израильдің жоғары әскери басшылары АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) басшысы адмирал Брэд Купермен кездесті.

Тараптар қорғаныс және шабуыл операцияларын үйлестіру іс-қимылдарын талқылаған.

Келіссөздер барысында американдық тарап Иранға соққы беру туралы түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын жеткізген, бірақ АҚШ бұл операцияға барлық дайындықты аяқтаған. Осылайша, Израиль басшылығы жақын күндері АҚШ Иранға соққы жасауы мүмкін деген қорытындыға келген.

Бұл ретте, Израиль АҚШ-тың ықтимал соққылары Ислам революциясының қамқоршылар корпусының (КСИР) және "Басидждің" (КСИР-ге бағынатын әскерилендірілген отрядтар) нысандарына бағытталды деген болжам ұсынды.

Бұған дейін Абу-Дабида АҚШ, Ресей және Украина өкілдерінің үшжақты форматтағы алғашқы кездесуі өткенін жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді