Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды

Фото: freepik
Ресейде коронавирустың жаңа түрі анықталды. XFG деп аталатын мутацияға ұшыраған вирус қазір 85 өңірде тарап кеткен.

Ауруханаға түскендердің 90 пайызында осы штамм, дейді мамандар. Бұл вирустың жұқтыру көрсеткіші бұрынғыларға қарағанда жоғары.

Белгілері жіті респираторлық вирустық инфекцияларға ұқсас. Науқастарда жөтел, дене қызуы және әлсіздік байқалады, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл штаммды жұқтырғандарда тамағы қарлығып, дауысы шықпай қалуы мүмкін.

Соңғы жылдары вирус үнемі жаңарып, мутацияға ұшырап отырады. Сондықтан жаңа штамм үшін карантин жариялаудың қажеті жоқ. Тек тұрғындар иммунитетті көтеруі тиіс. Жалпы вирустан сақтануға бізде 10-нан астам вакцина шығарылған. Олар уақытша болса да, ағзада иммунитет қалыптастыра алады. Светлана Андреева, дәрігер
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Қазақстанның бірнеше өңірінде жаңбыр, найзағай және қатты жел күтіледі