Жапониядағы фестиваль кезінде алты адам көпшілік арасында тапталып қалды

Сурет: әлеуметтік желіден алынған
Жапонияның Окаяма префектурасында өткен дәстүрлі "киімсіз фестиваль" кезінде болған кептеліс салдарынан алты адам ауруханаға жеткізілді. Олардың үшеуі ес-түссіз ауыр жағдайда жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС мәліметінше, бұл туралы жапондық қоғамдық телеарна хабарлаған.

"Киімсіз фестиваль" жаппай жарыс түрінде өтеді. Қатысушылар белдеріне ғана таңғыш тағып, ғибадатхана аумағында ағаштан жасалған "синги" таяқшаларын иелену үшін күреседі. Наным-сенім бойынша, бұл таяқшалар сәттілік әкеледі.

Полицияның дерегіне сәйкес, кептеліс ғибадатхананың басты залында жарық сөндіріліп, "синги" тығыз жиналған көпшіліктің ортасына лақтырылған сәтте болған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл фестивальге шамамен 10 мың адам қатысқан.

Фестиваль ұйымдастырушылары қауіпсіздік шаралары жеткіліксіз болғанын мойындап, кешірім сұрады.

Айта кетейік, Окаямадағы "жалаңаш фестиваль" дәстүрінің 500 жылдан астам тарихы бар.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі