Гавайда су тасқынына байланысты мыңдаған адам эвакуацияланды

Сурет: pixabay
Гавайда нөсер жаңбырдан кейін лайлы тасқын су көшелерді басып, үйлерді іргетасымен бірге ағызып әкетті, көліктерді шайып, мыңдаған тұрғынды үйлерін тастап кетуге мәжбүр етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNA мәліметінше, Оаху аралының солтүстік жағалауында су деңгейінің көтерілуі салдарынан жергілікті үйлерге айтарлықтай зиян келген.

Гонолулу билігі жұма күні таңертең Вахиава бөгетінің төменгі бөлігінде тұратын тұрғындарды шұғыл түрде эвакуациялауға шақырды. Себебі бұл бөгет бұрыннан бері осал нысан саналып келген және "кез келген сәтте бұзылу қаупі бар" деп бағалануда.

Қазіргі уақытта қаза тапқандар немесе жараланғандар туралы ақпарат жоқ. Алайда кейбір үйлерді су ағызып әкеткені белгілі болды. Бұл туралы Гонолулу өкілі Иэн Шеуринг мәлімдеді. Алдын ала мәлімет бойынша, шамамен 5,5 мың адамға эвакуациялау туралы нұсқау берілген.

Қазір билік су деңгейін тұрақты бақылауда ұстап отыр. Жалпы, Гавайиде 132 бөгет бар, олардың көпшілігі бұрын қант қамысын суару жүйесінің бір бөлігі ретінде салынған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады