Грекия аралын қан-қызыл аспан жапты

Сурет: бейнежазба скриншоты
Грекияның Крит аралын Сахара шөлінен келген шаңды дауыл басып, арты торнадоға ұласты. Соның салдарынан Пасха мерекесіне арналған әуе рейстері басқа бағыттарға ауыстырылып, аспан қорқынышты қызыл және қызғылт сары түске боялған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ProtoThema English мәліметінше, Ираклион әуежайының көріну деңгейі күрт төмендеген. Осыған байланысты кемінде екі ұшақ басқа әуежайларға қонуға мәжбүр болған. Деректер бойынша, көріну шамамен 1000 метрге дейін төмендеген. Бұл – ұшақ қонуы үшін қауіпті деңгей, сондықтан рейстер кешіктіріліп, бағыттары өзгертілген.

Сонымен қатар, толқындар Иерапетра қаласының ескі бөлігіндегі үйлерге дейін жеткен. Ал Пахия-Аммос ауданында торнадо жүк көлігін аударып тастаған. Африкадан келген шаң бүкіл Крит аралын толықтай жауып қалған.

"Қазір Ираклион Сахараны еске түсіреді: қала африкалық шаң "пердесіне" оранған, портты көру мүмкін емес. Құбылыс дәл қазір ең жоғары шегіне жетті. Ауадағы шаңның көптігі дем алуды қиындатып отыр. Күннің екінші жартысында бұл жағдай біртіндеп әлсірейді деп күтілуде", – делінген хабарламада.

Билік тұрғындарды сақ болуға, қажетсіз жолға шықпауға және көлік жүргізгенде барынша мұқият болуға шақырды.

Кешке қарай жағдай біртіндеп жақсарады деп күтілуде. Алайда бейсенбі күні шаңның жаңа толқыны қайта келуі мүмкін.

Бұған дейін жанармай бағасының қашан төмендеуі мүмкін екені белгілі болғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі