Иран АҚШ-тан санкциялар мен әскери әрекеттер үшін өтемақы талап етті

Сурет: magnific
Иран үкіметі АҚШ-қа қарсы Иран-АҚШ арбитраждық трибуналы сотына талап-арыз түсірді. Тегеран Вашингтонды "Иранның ядролық нысандарына әскери агрессия жасады", "экономикалық санкциялар енгізді" және "күш қолданамын деп қоқан-лоқы көрсетті" деп айыптап отыр, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Iranpress басылымының жазуынша, шағым 1981 жылғы Алжир келісімдері аясындағы ережелерге сәйкес тіркелген. Іс 2026 жылдың наурыз айында Иранға қарсы болған 12 күндік соғыс кезінде АҚШ халықаралық міндеттемелерді бұзды деген айыпқа байланысты қозғалған.

№A-34 ісі ретінде тіркелген талап-арызда Иран Алжир келісімдерінің 1-тармағына сүйенеді. Құжатта АҚШ тарапынан жасалды делінген бірқатар әрекеттер аталған. Олардың қатарында 12 күндік әскери қақтығыс, экономикалық санкциялар және күш қолдану қаупі бар.

Иран арбитраждық трибуналдан:

Алжир келісімдерінің 1-тармағына сәйкес, АҚШ Иранның ішкі істеріне тікелей не жанама түрде, саяси немесе әскери жолмен араласпауға міндеттеме алған.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жібек Құламбаева WTA 125 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты