Непалдық альпинист Эверестке 30-рет көтерілді

Сурет: pixabay
49 жастағы непалдық альпинист Пасанг Дава әлемдегі ең биік шың - Эверестті (8848 м) 30-рет бағындырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТАСС агенттігінің The Himalayan Times басылымына сілтеме жасап жазуынша, ол Гималай елінен шыққан абсолютті рекордшы Ками Ритадан ғана қалып отыр. Аталмыш спортшы тауға 32 рет көтерілген.

Ками Рита бұл жолғы өрлеуінің оның Эвересттегі соңғы сапары болуы мүмкін екенін айтып, 2026 жылы альпинистік мансабын аяқтап, одан әрі треккинг және басқа да белсенді демалыс түрлерімен айналысатынын жеткізген.

Мамандардың пікірінше, Пасанг Дава алдағы уақытта қазіргі рекордшының жетістігін де жаңартуы мүмкін.

Айта кетейік, қолайлы ауа райының арқасында 18 мамыр күні ғана Эверест шыңына 60-тан астам альпинист көтерілген. Олардың қатарында Қытай, АҚШ, Польша, Оңтүстік Африка, Ресей, Бразилия және Перу спортшылары болған.

Сурет: Pasang Dawa Sherpa

Бұған дейін екі альпинист Эверестке шығуда жаңа рекорд орнатқанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін