Екі альпинист Эверестке шығуда жаңа рекорд орнатты
Сурет: pixabay
Непалдың әйгілі рекордтық альпинисті Ками Рита Шерпа Эверестті 32-ші рет бағындырып, әлемдік және өзінің рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Oхu.Az басылымының Himalayan Times-ке сілтеме жасап жазуынша, сол күні альпинист Лхакпа Шерпа 11-ші рет шыңға көтеріліп, әйелдер арасындағы әлемдік рекордты жаңартты.
Ками Рита Шерпа әлеуметтік желіде бұл оның тауға соңғы көтерілуі болуы мүмкін екенін айтты, бірақ альпинист әлі сенімді емес деген ақпарат бар.
Бұған дейін қазақстандық альпинист Анар Борашева әлемдегі ең биік жеті шыңды бағындырғанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript