Венесуэладағы жер сілкінісі: 188 адам қаза тауып, 37 мыңнан астамы із-түзсіз жоғалды

Фото: pexels
Венесуэлада жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр. Елде 37 мыңнан астам адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында саналады. Олардың туыстары жақындарын табу үмітімен арнайы сайттарға суреттерін жариялап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sky News мәліметінше, табиғи апат магнитудасы 7,2 және 7,5 болатын екі күшті жер сілкінісінен басталған. Араға бір минутқа жетер-жетпес уақыт салып болған жерасты дүмпулері ошағының таяз орналасуы салдарынан елдің солтүстігіндегі елді мекендерге айтарлықтай зиян келтірген.

Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы Хорхе Родригестің соңғы мәліметінше, апаттан кемінде 188 адам қаза тапқан. Тағы 1520 адам түрлі деңгейде жарақат алып, шамамен 200 адам әлі де үйінді астында қалып отыр.

Ең көп зардап шеккен өңірлердің бірі – жағалаудағы Ла-Гуайра қаласы. Мұнда тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандары қираған. Құтқарушылар мен еріктілер үйінділерді аршып, тірі қалғандарды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Халықаралық гуманитарлық ұйымдар зардап шеккендерге көмек көрсете бастады. Алайда мамандар апат салдарын толық жою және із-түзсіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары ұзақ уақытқа созылуы мүмкін екенін ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Венесуэлада жойқын жер сілкіністерінен кейін төтенше жағдай жарияланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін