АҚШ пен Иран келіссөздерге қарамастан бір-біріне қайтадан соққы жасады

Фото: flickr/White House
Ормуз бұғазында жүк кемесіне ұшқышсыз ұшу аппаратымен жасалған шабуылдан кейін АҚШ Ирандағы бірнеше әскери нысанға қайтадан соққы берді.

АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, шабуыл әскери барлау, байланыс, әуе қорғанысы жүйелері, дрон қоймалары мен мина тосқауылдарын орналастыратын нысандарға бағытталған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған жауап ретінде Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ-тың сегіз әскери нысанына зымырандар мен дрондар арқылы бірлескен шабуыл жасалғанын мәлімдеді. Корпус бұдан кейінгі кез келген соққыға "күйрете жауап берілетінін" ескертіп, атысты тоқтату режимінің бұзылуы дипломатиялық үдерістің тоқтауына әкелетінін мәлімдеді. Бұл туралы 2026 жылғы 28 маусымда The Guardian жазды.

Шиеленіс Вашингтон мен Тегеран соғысты тоқтатуға бағытталған меморандум бойынша келіссөздер жүргізіп жатқан кезде күшейді. Соған қарамастан, екі тарап та екі аптаға жетпейтін уақыт бұрын қол қойылған уақытша келісімді бұзды деп бір-бірін айыптауды жалғастырып отыр. Құжат АҚШ, Иран және олардың одақтастарына бір-біріне қарсы әскери іс-қимыл бастауға және күш қолдануға тыйым салады.

АҚШ президенті Дональд Трамп жағдай АҚШ-тың "басталған істі әскери жолмен аяқтауға мәжбүр болатын" деңгейге жетуі мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай жағдайда "Иран Ислам Республикасы бұдан былай өмір сүрмейді".

Иранның Кувейт пен Бахрейндегі америкалық нысандарға жасаған шабуылынан кейін әзірге АҚШ әскери қызметкерлері арасында қаза тапқандар немесе елеулі шығын туралы ақпарат түскен жоқ.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы