Оңтүстік Корея құрамасының ӘЧ-2026-дан шығып қалуы: Бас бапкер қызметінен кетті

Сурет: Instagram/thekfa
28 маусымда Оңтүстік Корея президенті Ли Чжэ Мён ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы сәтсіздігіне қатысты тексеру жүргізуді тапсырды. Ал бас бапкер Хон Мён Бо команданың көңіл көншітпейтін нәтижесі үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, қызметінен кететінін мәлімдеді.

Ел президентінің футболға тікелей қатысы бар екені оның Х әлеуметтік желісіндегі соңғы жазбасынан белгілі болды.

"Кәсіби футбол клубының бұрынғы құрметті президенті әрі ұлттық құраманың жанкүйері ретінде күтпеген нәтижеге таңғалып қана қоймай, қатты күйзелдім", – деп жазды Ли Чжэ Мён.

Президенттің айтуынша, кез келген саладағы нәтиже ең алдымен кадрлық саясатқа байланысты.

"Егер басшылық қызметке тағайындауда кәсіби біліктіліктен гөрі жеке адалдық маңызды болса, ал жауапты орындарға біліксіз адамдар келсе, оның салдары алдын ала белгілі болады", – деді ол.

Мемлекет басшысы әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шыға алмау ел азаматтарының зор көңілін қалдырғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл жағдай спорт ұйымын басқарудағы және кадрлық саясаттағы қателіктердің салдары болуы мүмкін.

"Басқару жүйесінің ашықтығын, әділдігі мен объективтілігін қамтамасыз ететін қатаң бақылау тетіктерін қалыптастыру қажет. Сондай-ақ әрбір адам өз әрекеті мен оның салдары үшін тиісті жауапкершілік арқалауы тиіс", – деді президент.

Ол Мәдениет, спорт және туризм министрлігіне жағдайдың себептерін жан-жақты зерттеп, мұндай жағдайдың қайталануына жол бермейтін нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Президенттің айтуынша, әлем чемпионатына қатысуға мемлекет қомақты қаржы бөліп, қолдау көрсететіндіктен, мұндай сәтсіздіктердің себептері мұқият зерделенуі қажет.

"Осы келеңсіз жағдайдың салдарынан азаматтарымыздың қатты көңілі қалғанына өкініш білдіремін. Мұндай жағдай енді қайталанбауы үшін спортты басқару жүйесін жедел реформалаймыз", – деп түйіндеді Ли Чжэ Мён.

Оңтүстік Корея құрамасы топтық кезеңде үш ұпаймен үшінші орын алып, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне өте алмады.

Сондай-ақ Түркия құрамасының футболшыларын Ыстанбұл әуежайында салтанатты қарсы алу рәсімі ұйымдастырылмағаны, ал Уругвай құрамасына чартерлік рейс берілмегені хабарланды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Жасанды интеллект қауқарсыз болды: Ford жұмыстан қысқарған инженерлерін қайта шақырды

Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды