Қазақстан сиыр етін экспорттауға алты айлық шектеу енгізбек

Мясной цех, мясо, разделка мяса, цены на мясо, мясная продукция, стоимость мяса, мясной отдел, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2026 10:14 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға уақытша сандық шектеу енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында айтылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) сиыр етін (жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған) экспорттауға алты ай мерзімге 25 мың тонна көлемінде квота белгілеу ұсынылған.

Министрлік мұндай шектеулерді енгізу бірнеше маңызды мақсатқа бағытталғанын атап өтті.

Атап айтқанда:

  • отандық ет өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыру;
  • ел ішінде қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту;
  • жаңа жұмыс орындарын ашу;
  • ішкі нарықты ет өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру.

Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Құжатты талқылау 1 шілдеге дейін жалғасады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: