Көру қабілетінен айрылған Жаңа Зеландия тұрғыны басын соғып алып, күтпеген жерден жанарын қалпына келтірді

Сурет: magnific
Жаңа Зеландияда тұратын 24 жастағы Лиза Рид 13 жылдан кейін қайтадан көру қабілетіне ие болды. Бір қызығы, оған ота емес, кездейсоқ басын үстелге соғып алуы себеп болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, Лиза 11 жасында миындағы қатерлі ісіктің салдарынан көру қабілетінен айырылған. Дәрігерлер ісікті алып тастағанымен, көру жүйкелері зақымданып қалған. Сол кезде мамандар оның көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін емес деген қорытынды жасаған.

Алайда арада 13 жыл өткен соң Лиза өзінің жолсерік иті Эмиді сүймек болып еңкейген кезде кездейсоқ тепе-теңдігін жоғалтып алады. Соның салдарынан ол әуелі басын үстелге, кейін еденге соғып алған.

Келесі күні таңертең оянған Лиза қайтадан көре бастағанын байқайды.

Дәрігерлер бұл жағдайды нақты түсіндіре алмады. Кейбір мамандар оның көру қабілетінің жоғалуы психосоматикалық себептермен байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты. Ал Лизаның өзі болған оқиғаны "нағыз ғажайып" деп бағалады.

Бұған дейін Қытайда мектептердің бірінде көпшілік көзінше оқушылардың ұялы телефондары әдейі сындырылғанын жазғанбыз.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрамының тізімі жарияланды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Аптап ыстық пен жоғары өрт қаупі: 30 маусымға арналған дауылды ескерту жарияланды

Түркістан облысында жол апатынан бір әулеттің бес қызы көз жұмды