Қытайда мектептердің бірінде көпшілік көзінше оқушылардың ұялы телефондары әдейі сындырылды

Қытайда мектептердің бірінде көпшілік көзінше оқушылардың ұялы телефондары әдейі сындырылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2026 09:05 Сурет: бейнежазба скриншоты
Қытайдағы мектептердің бірінде әкімшілік тәртіп ережесін бұзған оқушылардың ұялы телефондарын көпшілік алдында әдейі сындырып, өзгелерге үлгі ретінде көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru басылымының мәліметінше, бұл оқиға мектеп ғимаратының кіреберісінде, оқушылардың көзінше болған.

Акция басталар алдында мектеп басшылығы дауыс зорайтқыш арқылы оқушыларға тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін және сабақ кезінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынғанын тағы бір мәрте еске салған.

Әкімшіліктің бұл әрекеті мектептің ішкі тәртібін бұзудың салдары қандай болатынын көрсетуге және өзге оқушыларға ескерту жасауға бағытталғаны айтылды.

2021 жылы Қытайдың Білім министрлігі бастауыш және орта мектептерге ұялы телефон алып келуге тыйым салған болатын. Бұл шешім оқушылардың көру қабілетін қорғау, сабаққа зейінін арттыру, оқу кезінде интернет пен ойындардың қолданылуына жол бермеу, сондай-ақ балалардың физикалық және психикалық денсаулығын нығайту мақсатында қабылданған.

Тыйым тек оқу кабинеттеріне ғана емес, мектеп аумағының түгеліне қатысты қолданылады. Ал ата-аналарымен байланысу қажет болған жағдайда оқушылар мектептегі стационарлық телефонды пайдалануы тиіс.

Бұған дейін Еуропада бір аптада ыстықтан 1300 адам көз жұмғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: