Желіде Ақтаудағы мектептердің бірінде түсірілген видео тарап, директор жазаға тартылды

Оқушылар, Ақтау, желі, кептеліс, видео, директор, жаза, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.02.2026 22:11 Сурет: Zakon.kz
Желіде Ақтаудағы мектептердің бірінде түсірілген видео тарап, оқу орнының басшылығы жазаға тартылды. Видеода оқушылар сыртқы киім ілінген орынға жаппай лап қойып, бір-бірін қысып, таптап кете жаздайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының білім басқармасының хабарлауынша, аталған оқиға 23 ақпанда Ақтау қаласының №11 лицейінде болған. Ведомствоның мәліметінше, дәліздегі кептеліс екінші ауысымда алтыншы сабақ аяқталғаннан кейін оқушылар сыртқы киім ілінген орынға жаппай бет алған кезде пайда болған. Уақытша кептеліс үш минутқа ғана созылды.

"Бұл уақытта кезекші мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі тарапынан қажетті бақылау ұйымдастырылды. Тексеру де оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін құқық бұзушылықтар немесе жағдайлар тіркелмегенін көрсетті. Мектеп әкімшілігіне қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды". Маңғыстау облысының білім басқармасы

Осыған қарамастан, оқу орнының директорына қатысты тәртіптік шара қолданылып, әкімшілікке қауіпсіздік шараларын күшейту тапсырылды. Бүгінгі таңда оқу процесі штаттық режимде жалғасуда.

Бұған дейін Астанада оқушылар тағы да қашықтан оқыту форматына ауыстырылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: