Ақтауда ер адам дүкендердің бірінде сатушы әйелге қол көтерді

Ақтауда ер адам дүкендердің бірінде сатушы әйелге қол көтерді, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.05.2025 19:41 Сурет: pexels
13 мамыр күні желіде Ақтаудағы дүкендердің бірінде агрессивті ер адамның сатушы әйелді бетінен ұрған сәті түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Видеодан ер адамның әйелді жұдырықпен бар күшін салып ұрғанын көруге болады. Соққыдан кейін әйел әрең дегенде тұрып қалады. Оқиға Ақтаудың 27-шағын ауданында болғаны айтылған.

Бұл жағдайға қатысты Zakon.kz сайтына Маңғыстау облыстық полиция департаменті түсінік берді.

"Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деді полиция өкілдері.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: