Енді елімізге заңсыз жолмен әкелінген телефондар бұғатталады
Жоба түсіндірмесіне сүйенсек, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында елге ұялы телефондарды, оның ішінде қайталанатын IMEI-кодтарын әкелудің заңсыз схемалары бар. "Сұр" импорттың бір схемасы елге жалған ұялы телефондарды әкелу болып табылады.
СКДҚ мәліметтеріне сәйкес қазіргі уақытта еліміздің ұялы компанияларының желілерінде қайталанатын IMEI-кодтары бар шамамен 3,7 млн абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте әлеуетті жіберіп алған салықтар мен алымдар түріндегі мемлекеттің тікелей шығындары жылына 100 млрд теңгеден асады, ал осы қызметке ілеспе басқа да салықтарды (ҚҚС, КТС, СН және т.б.) төлемеуді ескере отырып, бюджет шығындары 150 млрд теңгеге жетуі мүмкін.
Қайталанатын IMEI-кодтардың болуы құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
Қазақстанда ұялы телефондардың үш тізімін енгізу ұсынылады: ақ, сұр және қара.
Ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынған ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (қара тізім) – ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілмеген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі, оның ішінде:
- сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
- дайындаушы зауыт берген сәйкестендіру коды жоқ;
- сәйкестендіру коды Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорының қара тізіміне енгізілген;
- олар бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын өндіру туралы мәліметтерді және (немесе) осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасының кеден және салық заңнамасына сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын Қазақстан Республикасының аумағына әкелу туралы мәліметтерді растауы жоқ;
Ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға рұқсат етілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізілімі (ақ тізім) - мәліметтері ҚМС АЖ-да сәтті верификацияланған және осы Қағидаларға сәйкес ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының сәйкестендіру кодтарының дерекқорына енгізілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларының тізімі;
Ұялы байланыс қызметтеріне қолжетімділігі шектеулі абоненттік құрылғылардың тізілімі (сұр тізім) – осы Қағидаларға сәйкес Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілеріне уақытша қолжетімділік берілген ақ және қара тізімдерге енгізілмеген СКДҚ ұялы байланысының абоненттік құрылғыларының тізімі.
СКДҚ операторы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған сәттен бастап 3 жұмыс сағаты (ЗТ үшін 6 жұмыс сағаты) ішінде тексеруді орындайды: СКДҚ-да ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының бірдей сәйкестендіру кодының және басқа иеленушіге тіркелген абоненттік нөмірдің болуына;
Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде осындай Абоненттік құрылғыны пайдаланудың заңдылығы туралы мәліметтердің СКДҚ-да болуына тексеруді орындайды.
Қазақстан Республикасының ұялы байланыс желілерінде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын пайдаланудың заңдылығы туралы мәліметтерді растау ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын сәтті верификациялау нәтижелері туралы өзекті мәліметтерді ҚМС АЖ-дан жіберу жолымен жүзеге асырылады.
Бұл ретте ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын верификациялау Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген Абоненттік құрылғыны дайындаушы зауыт және (немесе) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді жүзеге асырған тұлға енгізген осындай абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды туралы мәліметтер негізінде ҚМС АЖ-да жүзеге асырылады.
СКДҚ операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді СКДҚ-ға қосады және ұялы байланыс операторларына тиісті хабарлама жібереді.
Ұялы байланыс операторы СКДҚ-ға мәліметтерді енгізу туралы хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының тіркелгені туралы хабарлайды.
Бұл ретте сұр тізімге енгізілген абоненттік құрылғыларға ұялы байланыс қызметтеріне қолжетімділікті ұсыну мерзімі ұялы байланыс абоненттік құрылғысы ұялы байланыс операторының желісіне бастапқы қосылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күнді құрайды.
СКДҚ операторы ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы туралы мәліметтерді қара тізімге енгізеді және ұялы байланыс операторларына тексеру нәтижелері бойынша ҚМС АЖ-дан келесі мәліметтерді алған кезде тиісті хабарлама жібереді:
- абоненттік құрылғының сәйкестендіру коды Ғаламдық ұялы байланыс жүйесі қауымдастығының (GSMA)дерекқорының қара тізіміне енгізілген;
- ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген;
- ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында өндіруші берген сәйкестендіру коды жоқ.
Ұялы байланыс операторы көрсетілген хабарламаны алған сәттен бастап ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының иесіне тыйым салу негіздерін көрсете отырып, ұялы байланыстың осындай абоненттік құрылғысы бойынша ұялы байланыс қызметтерін ұсынуға тыйым салынғаны туралы хабарлайды.
Жоба "Ашық НҚА" порталына жария талқылау үшін 2024 жылдың 2 қыркүйегіне дейін орналастырылған.