Le Parisien басылымының мәліметінше, оқиға кәсіпкер Ниццадан Парижге ұшып келгеннен кейін болған.
45 жастағы медициналық технологиялар саласындағы компанияның негізін қалаушы Франция астанасында бірнеше күн болып, қаланың сәнді қонақүйлерінің біріне орналасуды жоспарлаған.
Әзірге чемоданның нақты қандай жағдайда жоғалып кеткені белгісіз. Францияның құқық қорғау органдары оқиғаға қатысты тергеу бастап, барлық мән-жайды анықтап жатыр.
Бұған дейін жолаушылар арасында жанжал шығып, әуеге көтерілген ұшақ кері қайтқанын жазғанбыз.