Жолаушылар арасында жанжал шығып, әуеге көтерілген ұшақ кері қайтты
Фото: unsplash
Sur in English басылымының испандық әуе диспетчерлеріне сілтеме жасап жазуынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін шамамен 30 минут өткен соң он шақты жолаушының арасында жаппай жанжал шыққан. Ұшақ командирі бұл жағдай ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіреді деп бағалап, әуе кемесін кері бұру туралы шешім қабылдаған. Ұшақ қонғаннан кейін оны полиция қызметкерлері күтіп алған.
easyJet әуе компаниясы рейстің бір топ жолаушының тәртіп бұзуына байланысты әуежайға қайтарылғанын растады. Компания өкілдері жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі әрдайым басты орында екенін және мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін мәлімдеді.
Полиция араласқаннан кейін ұшақ Ливерпульге қарай сапарын жалғастырды. Әзірге жанжалға қатысқандардың ұсталған-ұсталмағаны және олардың қай елдердің азаматтары екенін белгісіз.
Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушыларының бірі ұшақта қызы болғанын айтып, ешқандай төбелес болмағанын мәлімдеді. Оның сөзінше, рейстен тек балалары бар бір отбасы ғана түсірілген. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.