Францияда бір үйден бес нәрестенің мәйіті табылды

Фото: pexels
Францияның Оранж қаласындағы тұрғын үйлердің бірінен бес нәрестенің мәйіті табылды. Қазір полиция олардың өліміне не себеп болғанын анықтап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының жазуынша, жаңа туған нәрестелердің мәйіттері үйдің ішінде қораптарға салынған күйде табылған.

Оқиға 27 шілде, дүйсенбі күні осы үйде тұратын әйелдің тағы бір сәбиді дүниеге әкелуінен кейін белгілі болған. Үй тұрғындары күмәнді жағдайға байланысты құқық қорғау органдарына хабар берген. Осыдан кейін полиция үйге тексеру жүргізіп, қайғылы жайттың бетін ашқан.

Қазіргі уақытта оқиға орнында тергеушілер мен криминалистер жұмыс істеп жатыр. Олар қайғылы жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға кіріскен. Ал Оранж қаласының прокуратурасы бастапқы тексеру аяқталғанға дейін бұл іске қатысты ресми түсініктеме беруден және қандай да бір мәлімет жариялаудан бас тартты.

Бұған дейін Түркияда жолаушылар мінген көлік шатқалға құлап, бес адам қаза тапқанын жазғанбыз.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандықтарға басқа өңірге көшу үшін 7 млн теңгеге дейін беріледі

ШҚО-да махаббаттан басталған оқиға сотпен аяқталды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Димаш Құдайбергеннің жаңа әні жапон даласында шырқалмақ

Көлік министрлігіне жаңа функциялар жүктелді