Ер адам сүйіктісін аяусыз өлтіріп, төрт күн бойы оның телефонымен хат жазысқан

Сурет: pxhere
Бразилияда 24 жастағы ер адам өзімен бірге тұрған 35 жастағы сүйіктісін өлтіріп, төрт күн бойы оның мәйітімен бір пәтерде өмір сүрген. Мұнымен қоса, әйелдің әлеуметтік желідегі және мессенджерлердегі жазбаларын өзі жүргізіп отырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті SBT Jornalismo басылымының мәліметінше, Карвалью есімді ер адам 35 жастағы Стифани Силвамен бір пәтерде бірге тұрған.

Тергеу мәліметіне сәйкес, әйелді өлтіргеннен кейін күдікті оның өлімін суицид етіп көрсетпек болған. Сонымен қатар, мәйіттің иісін жасыру үшін ауа баптағышты пайдаланған. Ол мұнымен тоқтамай, марқұмның телефонын алып, оның атынан жақындары мен таныстарына хат жазып, әйел тірі жүргендей әсер қалдыруға әрекеттенген.

Басылымның дерегінше, әйелдің мәйіті бірнеше көрпенің астында жатқан, ал күдікті болса ештеңе болмағандай күн сайын үйден шығып, жұмыс пен жаңа баспана іздеп жүрген. Жағдай төрт күн бойы жалғасқан.

Марқұмның құрбылары әйелдің жазысу мәнері күрт өзгергенін байқап, күмәндана бастаған. Олар оның шынымен өзі екенін растау үшін дауыстық хабарлама жіберуді сұраған. Алайда әйелдің атынан хат жазып отырған Карвалью бұл өтінішті орындаудан бас тартқан.

Көп ұзамай көршілер пәтерден өткір жағымсыз иістің шыға бастағанын сезіп, полиция шақырған. Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары пәтерден Стифани Силваның мәйітін тапқан.

Белгілі болғандай, полиция келгенге дейін Карвалью бірнеше чемоданын алып, үйден кетіп қалған. Алайда кейін ол ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды