Роналдуның жанкүйерлері өзгенің тойының шырқын бұзды - оған желідегі той жайлы жалған ақпарат себеп болған

Сурет: dailymail
8 тамызда Криштиану Роналдуның мыңдаған жанкүйері Мадейра аралындағы Фуншал қаласындағы шіркеуге жиналды. Адамдар тобы онда сүйікті спортшысының үйлену тойы өтіп жатыр деген ойға келген. Осылайша, өзге жұптың мерекелік шарасының күл-талқанын шығаруға шақ қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Футболшының жанкүйерлері арасында Роналду дәл осы күні аталмыш жерде үйленеді деген ақпарат тараған. Алайда, онда спортшының емес, өзге жұптың неке қию рәсімі өтіп жатқан.

Сурет: X/TouchlineX

ESPN басылымының жазуынша, жас жұбайлар қарапайым жергілікті тұрғындар – Николь мен Фабио болып шықты. Олар өздерінің үйлену тойы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының назарына ілігеді деп ойламаған.

Желіде желдей ескен ақпаратпен Роналдуда хабардар болды. Футболшы жергілікті JM Madeira басылымының Instagram желісіндегі жазбасына пікір қалдырып, бес рет күлетін смайлик жіберген.

Сурет: instagram/jm_madeira

"Біз мұнда бұрын-соңды мұндай жағдайды көрген емеспіз. Қалыңдықтың шіркеуге кіріп, үйлену рәсіміне қатысуының өзі қиын болды", – деп жазды ғибадатхананың әлеуметтік желідегі парақшасы.

Бұған дейін Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болғанын жазғанбыз.

Қызықты
Роналду Криштиану

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін