Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды

Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қарызға белшесінен батты, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 11:18 Сурет: Instagram/cristiano
Танымал португалиялық футболшы Криштиану Роналду өнер көрсететін Сауд Арабиялық "Әл-Наср" футбол клубы ауыр қаржылық дағдарысқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Sportexpress басылымының мәліметінше, бұл ақпаратты Сауд Арабиясындағы жетекші спорттық басылым Arriyadiyah жариялаған.

Клуб басшылығына қаржылық мәселелер шешілмейінше жаңа ойыншылармен немесе мамандармен қандай да бір жаңа келісімшарт жасауға тыйым салынған. Қазіргі жағдайдан шығудың ықтимал жолдарының бірі – клубтың белгілі бір үлесін сату.

Мәліметке сәйкес, "Әл-Насрдың" қарызы шамамен 800 миллион сауд риалын (200 миллион АҚШ долларынан астам) құрайды.

Бұған дейін португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасынан жеңілгеннен кейін көз жасына ерік бергенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: