Рим маңындағы оқ-дәрі шығаратын зауытта жарылыс болып, алапат өрт тұтанды

Сурет: pixabay
Римнің оңтүстігінде орналасқан Коллеферро қаласындағы ірі оқ-дәрі өндіретін кәсіпорнында өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ANSA басылымының мәліметінше, жарылыс бүгіндері KNDS Ammo Italy компаниясына тиесілі бұрынғы Simmel Difesa зауытында болған.

Бұл компания құрлық және әскери-теңіз күштеріне арналған орташа және ірі калибрлі оқ-дәрілерді, сондай-ақ аэроғарыштық зымырандарға арналған қатты отын шығарады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыс оқ-дәрі ұнтақтарын сығымдау цехында болған.

Оқиға орнында бірнеше өрт сөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр, алайда әзірге олар өртті сөндіруге кірісе алмай отыр.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін