Алимент төлемеу үшін ChatGPT-ден өз ұлын өлтіруге көмек сұраған

Сурет: pixabay
Бразилияда ChatGPT 14 жастағы жасөспірімді өз әкесінен қорғауға көмектесті. Ер адам алимент төлеуден құтылу үшін ұлын өлтіруді бірнеше ай бойы жоспарлап, жасанды интеллектпен хат алмасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы G1 басылымы жазды. Эспириту-Санту штаты полициясының мәліметінше, Эунаполис қаласының 43 жастағы тұрғыны алимент төлеуден бас тартқан баласын өлтіру жоспарының егжей-тегжейін бірнеше ай бойы жасанды интеллектпен талқылаған.

кеңес сұраған. "ChatGPT жүйесі алаңдатарлық хабарламаларды тіркеп, ақпаратты ФБР-ге жіберген. Ал ФБР өз кезегінде Бразилия билігімен байланысқа шыққан. Америкалық агенттер жасөспірімнің өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін хабарлағаннан кейін тергеу басталды", – делінген басылым материалында.

Бразилия полициясы ер адамның жоспарын шын мәнінде жүзеге асыруға ниетті болғанын анықтап, күдіктінің үйінде тінту жүргізді. Қылмыстық ойын жүзеге асырып үлгермегендіктен, ол қамауға алынбаған. Алайда тергеу жалғасып жатыр.

Полицияның мәліметінше, бұл – Бразилияда жасанды интеллект ауыр қылмыстың алдын алуға көмектескен алғашқы жағдай.

Билік өкілдері жағдайды бақылауды жалғастырып, қазіргі уақытта қауіпсіз жерде жүрген баланы қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін Бразилияда ер адамның сирек кездесетін генетикалық ауру – бүйірлік амиотрофиялық склероздың (БАС) салдарынан 20 туысынан айырылғанын жазғанболатынбыз. Оның отбасының тағы 27 мүшесінен ауруды тудыратын мутация анықталған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін