АҚШ-та ChatGPT-мен кеңескен жасөспірім анасы мен інісін өлтірді деген күдікке ілінді

Сурет: pexels
АҚШ-тың Массачусетс штатында 17 жастағы жасөспірімге анасы мен інісін өлтірді деген айып тағылды. АҚШ прокуратурасының мәліметінше, қайғылы оқиғадан бұрын жасөсіпірім ChatGPT-мен ақылдасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN мәліметінше, жасөспірімнің 45 жастағы анасы Судха Венкатесан мен 14 жастағы інісі Сиддхарт Аравинд Актон қаласындағы өз үйлерінен өлі күйінде табылған. Прокуратура жасөспірімге екі адамды өлтірді деген және отбасы мүшелеріне шабуыл жасады деген айып тағып отыр. Алайда ол өз кінәсін мойындамады.

"Ол интернет пен ChatGPT-ді отбасы мүшелерін өлтіру туралы теориялық идеялар немесе ойдан шығарылған оқиғаларды іздеу үшін пайдаланған", – деді Миддлсекс округінің прокуроры Мэриан Райан.

Оның айтуынша, жасөспірім готикалық романдарға ұқсас әңгімелер жазып, кейіпкерлер ойлап тапқан және отбасы мүшелеріне төнген қауіп-қатерге байланысты болуы мүмкін түрлі сценарийлер туралы сұрақтар қойған.

Оқиға орнынан полиция қан іздері бар, қатты зақымдалған ноутбук пен сабы қызғылт сары түсті пышаққа ұқсас зат тапқан. Полиция материалдарына сәйкес, жасөспірімнің әкесі соңғы бір жыл ішінде ұлының мінез-құлқында қиындықтар болғанын айтқан. Осыған байланысты отбасы пышақтарды одан жасырып жүрген.

Мәйіттер табылғаннан кейін жасөспірім анасының көлігімен оқиға орнынан қашып кеткен. Келесі күні оны көрші қалада тұрақта тұрған көліктің ішінен тауып алған. Сот оны кепілмен босату мүмкіндігінсіз қамауда ұстау туралы шешім шығарып, психиатриялық сараптама тағайындады.

Бұған дейін алимент төлемеу үшін ер адамның ChatGPT-ден өз ұлын өлтіруге көмектесуін сұрағанын жазған болатынбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Аптап ыстық басылып, жаңбыр жауады: 18 тамызға арналған ауа райы болжамы

Бірыңғай QR: қазақстандықтарға жаңа сервистер қолжетімді болады

Абай облысында үш учаскеде табиғи өрт сөндіріліп жатыр