Балықшы теңізден жүздеген мың долларға бағаланатын "қазына" тауып алды

Сурет: magnific
Мальдив аралдарының Унгоофаару аралының тұрғыны теңізден салмағы 9 келі болатын сирек кездесетін амбра бөлігін тауып алды. Оның құны жүздеген мың доллардан асуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы жергілікті The Edition басылымы жазды. Ер адам шағын қайықпен теңізде жүзіп бара жатып, суда ерекше бір кесекті байқап қалған. Оны судан алып шыққан кезде, салмағы шамамен 9 келі екенін анықтаған.

Амбраның түпнұсқалығын растау үшін ол Шри-Ланкаға сараптамаға жіберілген. Мұндай көлемдегі заттың құны жүздеген мың долларды құрайды.

"Мальдив аралдарында бұған дейін де осындай олжаларға кездейсоқ тап болған адамдардың байып кеткен жағдайлары болған", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, амбра - кашалоттардың асқазан-ішек жолында түзілетін, парфюмерияда қолданылатын бағалы зат.

Сапасы жоғары амбраның бір келісі үшін сатып алушылар 40 мың долларға дейін (шамамен 18 млн теңге) төлеуге дайын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме