RTL порталының мәліметінше, ұшақ Азор аралдарының бірі Терсейрадағы Лажеш әуежайына бағытталды. Әуе кемесі жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30-да әуежайға аман-есен қонды.
Swiss International Air Lines әуе компаниясы апаттық сигнал беріп, бағытты өзгертудің себебі эконом-класта пайда болған өткір иіс екенін хабарлады. Оның нақты қайдан шыққаны анықталмаған.
"Барлық 222 жолаушы мен экипаж мүшесі ұшақтан қалыпты түрде түсті. Жолаушылардан бөлек, бортта екі ұшқыш пен 14 бортсерікті қоса алғанда, 16 экипаж мүшесі болды", – делінген компания хабарламасында.
Әуе компаниясы қонғаннан кейін шамамен бес жолаушы мен бір экипаж мүшесі профилактикалық медициналық тексеруден өткенін мәлімдеді. Оларда қысқа уақытқа көздің тітіркенуі, жүрек айнуы және бас ауруы байқалған.
Бұған дейін Қазақстан ұшақтарының бортында 230-дан астам тәртіп бұзушылық жасалғаны хабарланған болатын.