626 млрд теңгенің қазынасы: 400 жыл бұрын суға кеткен кеме табылды

Сурет: magnific
Шотландияда ғалымдар шамамен 400 жыл бұрын суға батқан король қазынасы тиелген паромды тапқан болуы мүмкін. 1633 жылы І Карлдың көз алдында суға кеткен кеменің бортында шамамен бес тонна алтын, күміс және құнды өнер туындылары болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Daily Star жазды. Басылымның мәліметінше, кеме Англия мен Шотландия королі І Карлға тиесілі болған. 1633 жылы монарх Шотландияның билеушісі ретінде тәж киюі керек болған кезде паром аударылып, Ферт-оф-Форт шығанағына батып кеткен. Оқиға І Карл басқа кемеде жүзіп бара жатқан кезде оның көз алдында болған.

"Берекелі Бернтайленд" деп аталған кеменің бортында монархтың жеке заттары, өнер туындылары және 280 адамға арналған алып ыдыс-аяқ жиынтығы болған. Ал алтын мен күмістің жалпы салмағы шамамен бес тоннаға жеткен.

Тарихи Burntisland Heritage Trust ұйымы кемені 30 жылдан астам уақыт бойы іздеген. Тамыз айының соңында ұйым өкілдері іздеу жұмыстарының нәтижесінде маңызды жаңалық ашылғанын мәлімдеді.

Шотландияның Бернтайленд қаласынан 1,5 шақырымдай жерде кеменің апатқа ұшыраған жері анықталған. Сканерлеу жұмыстары арқылы кеме қалдықтары лай қабатының астынан табылған.

Зерттеушілер ағаштың бір бөлігін де судан алып шыққан. Ол корольдік кеменің бөлігі болуы мүмкін. Дегенмен Burntisland Heritage Trust өкілдері табылған нысанға әзірге сақтықпен қарап отыр. Олардың айтуынша, бұл басқа кеме болуы да мүмкін.

Қазіргі бағалаулар бойынша, "Берекелі Бернтайленд" кемесінің жүгі шамамен 30 млн фунт стерлингке (18,8 млрд теңге) бағаланады. Алайда бұл тек алтын мен күмістің салмағына қатысты есеп. Егер кемеде болған І Карлдың жеке заттары жақсы сақталған болса, қазынаның жалпы құны 1 млрд фунт стерлингке (626 млрд теңге) дейін жетуі мүмкін.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз