Жоғалған рюкзак 60 жылға жуық уақыттан кейін 86 жастағы альпинистке қайтарылды

Сурет: pixabay
Австриялық 86 жастағы альпинистке 60 жылдан астам уақыт бұрын құтқарылу үшін мұздықтағы жарыққа тастап кеткен рюкзагы қайта оралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru The Guardian басылымына сілтеме жасап жазғандай, рюкзак шілде айында Австрияның Тироль аймағындағы Зульцтальфернер мұздығынан, теңіз деңгейінен шамамен 2955 метр биіктіктен табылған.

Табылған рюкзактың ішінен альпинистің жеке заттары, мұзшапқышы, фотоаппараты және темекі түтігі шыққан. Сақталғанымен, қатты өңі кеткен құжаттар арқылы полиция рюкзак иесінің кім екенін анықтап, оны іздеп тапқан.

Сурет: Austrian Police

Оның 1963 жылдың тамыз айында достарымен бірге мұздықтан өтіп бара жатып, жарыққа құлаған ер адам екені анықталды.

Топ мүшелері бір-бірімен арқан арқылы байланып жүрген. Сондықтан оның жолдастары альпинисті жарықтан шығарып алған. Көтерілуін жеңілдету үшін ол рюкзагын шешіп, жарыққа тастап кеткен.

Полицияның түсіндіруінше, рюкзак иесінің қазіргі денсаулық жағдайы табылған заттарды өзі барып алуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан заттар оның ұлына табысталды.

Бұған дейін 2173 метр биіктікте альпинистің арқанға ілініп қалып, төмен түсе алмай қалғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған