Белгілі болғандай, Ресей азаматы кәдімгі чемоданға сирек кездесетін 32 галапагостық теңіз игуанасын салып, елден алып шығуға тырысқан.
"Әйел жабайы жануарларды заңсыз саудалады деген күдікпен ұсталды. Процессуалдық іс-шаралар тәркіленген жануарларды анықтау және қорғау мақсатында прокуратура және табиғатты қорғау органдарымен бірлесіп жүргізілді", – деп хабарлады 2026 жылғы 30 тамызда Эквадор полициясы.
Құқық қорғау органдары әзірге бауырымен жорғалаушылардың әйелдің қолына қалай түскенін және оларды қай елге алып кетпек болғанын нақтылаған жоқ.
Ведомство жабайы табиғат мемлекет тарапынан қатаң қорғалатынын және жануарларды контрабандалық жолмен әкетуге жасалған кез келген әрекеттің қатаң түрде тоқтатылатынын атап өтті.
Бұған дейін Таиланд әуежайларында "қауіпті чемоданды" иесі жоқ кезде ашуға болатындығы туралы жазған болатынбыз.