Кабардин-Балқария тауында қар көшкіні жүріп, 10 альпинисті басып қалды

Сурет: pixabay
6 қыркүйекте Кабардин-Балқария тауларындағы Безенги шатқалында орналасқан Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні жүрді. Оқиға орнына Эльбрус биік таулы жасағының құтқарушылары жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Baza Telegram-арнасы жазды. Белгілі болғандай, 15 альпинистен тұратын топтың үстіне тас құлағаннан кейін қар көшкіні жүрген.

"Біздің ақпарат бойынша, маршрутпен жүру кезінде қатты дауылды жел болған. Соның салдарынан тас құлап, туристердің көпшілігі тастардан жарақат алған. Сонымен қатар Мижирги тауынан қар көшкіні түсіп, топты басып қалған", – деп жазды арна.

Үш альпинист қар астынан өз бетімен шығып, болған жағдай туралы Төтенше жағдайлар министрлігіне хабарлаған. Олар топтағы тағы екі адамды жансыз күйде тапқан.

Аман қалғандардың алған жарақаты ауыр. Бір адам омыртқасы мен мойын тұсынан жарақат алған болуы мүмкін. Ал тағы екі альпинист бас-ми жарақаты мен кеуде қуысы жарақатын алған.

Қазір олар Эльбрус биік таулы жасағының құтқарушыларын күтіп отыр. Оқиға орнына Ми-8 тікұшағы да шақырылды.

Бұған дейін альпинист егіздердің жеті мың метрлік тауда өз өмірін жасанды интеллектке сеніп тапсырғаны туралы жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді