Әйелдің жаңа қарым-қатынасына қарсы болған туыстары оны ұрлап әкеткен

Фото: Zakon.kz
Румынияда 32 жастағы әйелді туыстары ұрлап кеткен. Олар әйелдің қазіргі таңдаған серігімен қарым-қатынасына қарсы болған. Күдіктілердің арасында әйелдің әпкесі, жездесі және бұрынғы сүйіктісі де бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

News.ro мәліметінше, ұрлау әрекетіне 19 бен 50 жас аралығындағы бес адам қатысқан. Тергеу барысында олардың арасында жәбірленушінің туған әпкесі, жездесі және бұрынғы сүйіктісі болғаны анықталды.

Оқиға 2026 жылғы 7 қыркүйек кешке мейрамханалардың бірінің маңында болған. Әйел сол жерде қазіргі серігімен болған. Кенеттен олардың жанына ашулы кейіптегі бір топ туысы келген.

"Тергеу барысында бес адамның әйелді күшпен көлікке отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені анықталды", – деп хабарлады полиция.

Оқиғаның куәгерлері бірден полиция шақырған. Көп ұзамай тәртіп сақшылары іздеудегі көлікті тауып алған.

Көлік ішінен полиция қызметкерлері қатты қорқып отырған әйелді және оны ұрлаған бес адамды – төрт ер адам мен бір әйелді тапқан. Қылмысқа қатысы бар барлық күдікті оқиға орнында ұсталды.

Полицияның мәліметінше, қылмысқа әйелдің туыстарының оның жаңа серігін таңдауына үзілді-кесілді қарсы болуы себеп болған.

Бес күдіктінің барлығы алдымен 24 сағатқа уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кейін сот оларды 30 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді