Le Télégramme газетінің мәліметінше, тәртіпсіздік мотоцикл жүргізушісі полиция көлігімен соқтығысып, аяғын жарақаттағаннан кейін басталған.
Жергілікті биліктің мәліметінше, оқиға салдарынан құқық қорғау органдарының тоғыз қызметкері зардап шеккен, бірнеше көлік зақымдалып немесе өртенген. Полицияға пиротехникалық құралдармен шабуыл жасалған.
Қоғамдық тәртіпті сақтау үшін оқиға орнына шамамен 100 полицей жұмылдырылды. Нәтижесінде, бес адам ұсталды.
Көлікті басқарған полицей қамауға алынды. Прокуратура жол апатының мән-жайын анықтау үшін тергеу бастады.
Билік өкілдерінің хабарлауынша, таңертең қаладағы жағдай қалыпқа келген.