Сыртқы келбетін өзгерткен қылмыскер сегіз жыл бойы іздеуде болған

Фото: pexels
Түркия азаматы әйел кейпіне еніп, сегіз жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынған. Түрмеге қамалмау үшін ер адам сыртқы келбетін өзгертіп, туған әпкесінің жеке куәлігін пайдаланған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gulf News басылымының мәліметінше, ұрлық жасағаны және өзін лауазымды тұлға ретінде таныстырғаны үшін сотталған Тугрул Бар 2018 жылдан бері іздеуде болған.

Үш қылмыстық іс бойынша жазасын өтемеу үшін ол сыртқы келбетін түбегейлі өзгерткен. Шаш үлгісін, киім кию мәнерін өзгертіп, бетін бояған ер адам Стамбұл көшелеріне әйел кейпінде шығып жүрген.


"Полиция тексерісінен өту үшін қашқын туған әпкесінің құжаттарын үнемі көрсетіп отырған. Бұл айла тергеушілер Кадыкөй ауданында іздеудегі азаматтың қаржылық операцияларын анықтағанға дейін сәтті жүзеге асып келген", – делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары әйелдің банк карталары арқылы жасалған күмәнді қолма-қол ақшасыз төлемдерге назар аударған. Деректерді талдау барысында құжат иесі шетелде жүрген кезде оның картасымен Түркия аумағында сауда жасалғаны анықталды.

Полиция күдікті тұрған мекенжайды бақылауға алып, арнайы операция кезінде әйел киіміндегі адамды ұстады. Полиция бөлімінде жүргізілген дактилоскопиялық сараптама ұсталған адамның Тугрул Бар екенін растады.

Қылмыскер бұрын тағайындалған жазасын өтеу үшін түрмеге жіберіледі. Сонымен қатар прокуратура құжаттарды қолдан жасау және өзгенің жеке куәлігін заңсыз пайдалану деректері бойынша жаңа қылмыстық іс қозғады.

Бұған дейін Бразилияда 21 жастағы блогер Эвелин Лима Дантас атып өлтірілген еді. Ол қамаудан босатылғаннан кейін бірнеше күн өткен соң шабуыл құрбаны болды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды