Әйел 100 мың жыл бұрын өмір сүрген алып жануардың тісін тауып алды

Сурет: Midpeninsula Regional Open Space District
АҚШ-тағы бұлақ арнасынан ерекше олжа табылып, сирек кездесетін ғылыми жаңалыққа жол ашылды. Жергілікті аумақты зерттеп жүрген ғалым ежелгі мастодонттың тасқа айналған тісін кездейсоқ тауып алған. Ол ондаған мың жыл бойы су астында жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Fox News Digital басылымының жазуынша, олжа Сан-Матео округіндегі қорықтан табылған. Геоморфолог Бриджид Линч Калифорния бақаларын қорғау жобасы аясында бұлақты зерттеп жүрген. Сол кезде ол алғашында пішіні ерекше тас деп ойлаған затты байқап қалған.

Мұқият тексеру барысында оның Тынық мұхиты мастодонтының азу тісі екені анықталды. Мастодонттар – пілдердің ежелгі туысы саналатын алып шөпқоректі жануарлар. Олар шамамен 11,7 мың жыл бұрын жойылып кеткен.

Линчтің айтуынша, геолог ретінде еңбек еткен жылдарында мұндай әсерлі олжаға ешқашан тап болмаған.

Мамандар артефакттың өте жақсы сақталғанын атап өтті. Табылған жерде сараптама жүргізген Pacific Paleontology ұйымының бас директоры Уэйн Томпсон мұндай олжалардың өте сирек кездесетінін айтты.

"Оның жасы 10 мың жыл деген есептер қате. Табылған жеріне қарап, тістің әлдеқайда көне екеніне сенімді түрде айта аламыз – оның жасы 50 мыңнан 100 мың жылға дейін", – деп түсіндірді палеонтолог Уэйн Томпсон.

Тістің, соның ішінде нәзік тамырларының да өте жақсы сақталуы оны су ағынының іс жүзінде орнынан қозғамағанын көрсетеді. Ғалым дәл осы жерде ежелгі алып жануардың бас сүйегі мен қаңқасының басқа бөліктері де әлі көміліп жатуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Алдағы уақытта Стэнфорд университетінің зерттеушілері тістің нақты жасын анықтау үшін радиокөміртектік талдау жүргізеді. Сонымен қатар оның дәл көшірмесін жасау үшін 3D сканерлеу жұмыстары жүргізіледі.

Бұған дейін Ұлыбританияда сүңгуірлер теңіз түбінен бұдан 700 жыл бұрын су астында қалған жұмбақ қаланы тапқаны хабарланған болатын.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Жамбылда шибөрілер ауыл ішіне кіре бастады

Қазақстанда балаларды мектепалды сыныпқа қабылдау тәртібі бекітілді

Қосшы маңындағы зауытта жұмысшылар жанжалдасып, біреуі жарақат алды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ең басты байлығымыз – туған еліміз