Илон Масктың ғарыш кемесі ұшырылымнан кейін өртеніп кетті

Сурет: SpaceX
SpaceX компаниясы алғаш рет Starship ғарыш кемесін Жер орбитасына шығарып, ғарышқа Starlink-тің 26 жаңа спутнигін сәтті жеткізді. Алайда ұшу жоспарланған уақыттан ертерек аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

NBC News басылымының мәліметінше, ұшыру Техастағы Starbase ғарыш айлағынан жүзеге асқан. Starship ғарышта шамамен 10 сағат болып, Жерді алты рет айналуы тиіс еді. Алайда ұшуды басқару орталығы шамамен үш сағаттан кейін кемені атмосфераға мерзімінен бұрын қайтару туралы шешім қабылдаған.

Кеме Гавай аралдарының солтүстігіндегі Тынық мұхитына қонды. Қону кезінде Starship аударылып, өртеніп кеткен.

Ұшырылымнан кейін көп ұзамай ұшу сәтсіздік қаупіне тап болды: қозғалтқыштардың бірі жоспарланған уақыттан бұрын өшіп қалды. Қалған жүйелер штаттық режимде жұмысын жалғастырып, мамандар миссияны тоқтатпау туралы шешім қабылдады.

Ұшу барысында Starship есептік орбиталық жылдамдыққа — сағатына шамамен 28 мың шақырымға жетті. Кемеден Starlink-тің 26 спутнигі кезек-кезегімен орбитаға шығарылды. Осыдан кейін аппарат ұшуын жалғастырды. Алайда диспетчерлер миссияны мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдады.

Бұл Starship-тің Техас аумағынан жасалған 14-ші толыққанды ұшырылымы болды. Бұған дейінгі сынақтар кезінде кеме Жерді толық бір айналып шыға алмаған және сынақтар көбіне аппараттың қирауымен аяқталған.

SpaceX компаниясы Starship-ті толықтай қайта пайдалануға болатын зымыран жүйесі ретінде жасап жатыр. Компания оны спутниктерді орбитаға шығару, сондай-ақ болашақта Ай мен Марсқа ұшу миссияларында пайдалануды жоспарлап отыр. Зымыран NASA-ның Artemis ай бағдарламасының негізгі элементтерінің біріне айналуы тиіс.

Маск Илон

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды