UPI агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға Оңтүстік Каролина штатында болған. Ер адамға "0-5-0-0" сандар комбинациясы қатты ұнап, тәуекелге бел буған. Ол өз қаласындағы түрлі дүкендерден бірдей 50 билет сатып алған.
"Жолым болатынын жәй ғана сездім", – деп мойындады ол.
Қатысушының интуициясы алдамады: дәл осы комбинация ұтысты болып шыққан. Сатып алған 50 билеттің әрқайсысы оған 5 мың доллардан сыйлаған. Осылайша жалпы ұтысы 250 мың долларға, яғни шамамен 121 млн теңгеге жетті.
Бұған дейін бір әйел түскі ас кезінде 2 млн доллар ұтып алып, жұмысын жалғастырғаны хабарланған болатын.